Балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуаны Айдос Сұлтанғали Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қазақстандық балуан 60 келіге дейінгі салмақта әзірбайжандық Мурад Маммадовпен өзара мықтыны анықтады.

Бірінші кезең 1:1 есебімен аяқталды. Ал екінші үш минуттықта Айдос Сұлтанғали басымдықты танытып, 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Айдос Сұлтанғали финалға шығу үшін бақ сынайды.