Мемлекет басшысы әлемде және Қазақстанда су спорты түрлерін дамытуға үлес қосқаны үшін World Aquatics президенті Хусейн Әл-Мусалламды ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы халықаралық ұйымның Қазақстан су спорты түрлері федерациясына көрсеткен қолдауын жоғары бағалап, өзара серіктестікті нығайтуға ниетті екенін айтқан болатын.









