Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде қарыз алып, ұзақ уақыттан бері қайтармай жүрген адамдар туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Айтуынша, өзіне бес жылдан бері қарызын қайтармай жүрген адамдар бар.
«Қарызға ақша алғандар 1 ай кешіктірсе түсінемін, бірақ 1 жыл, 2 жыл, 5 жылдап бермей жүргендер оқып отырсаңдар, сәл ұялсаңдаршы… Тіпті өз ақшаңды сұрауға ыңғайсызданады екенсің. Әлде аттарын атап тұрып, жазайын ба? Көбін танисыздар», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.
Тележүргізуші осы жазбасынан кейін қарыз алған адамдар байланысқа шыққанын айтты.
«Қарыз алған 4 адамның 2-еуі кері байланысқа шықты. Бірақ ертең береміз демеді, бөліп қайтарамыз деді. Уф, оған да шүкір», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары бұған түрлі пікір білдіріп жатыр.
«Әйтеуір шығып жатыр дейсіз ғой», «Атын атап, түсін түстеу керек еді», «Қалған екеуін әшкере қылмадыңыз ба?», «Мүлде бетсіздер бар ғой», деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.










