«Әкем көп нәрсені айта алмай кетті…»: Амангелді Сейітханның ұлы отбасы туралы айтты

«1001 түн» бағдарламасында спорт комментаторы Амангелді Сейітханның ұлы Бегасыл Сейітхан қонақта болды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.   

Бегасыл бүгінде футбол матчын жүргізіп, әке жолын жалғап жүр. Ол кішкентай кезінен әкесі футболға қатыстырғанын айтты.

Оның эфир жүргізген видеосы әлеуметтік желіде таралып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

«Мынадай перформанс болады деп күтпедім. Әкем кәсібилікті сүйетін, бала кезімде бізді соған даярлаған. Көз жасымды тыюға тырыстым. Бірақ эфирден кейін көлікте отырып, екі сағат көз жасымды бұлағаным бар. 11-ші нөмірлі ойыншы 69-минутта ауттан пас асырып жатыр. Әкем 1969 жылы 11 мамыр күні дүниеге келген. 69-минутты жоспарласа да, 11-ші нөмірлі ойыншының гол соғуы сәйкестік деп ойлаймын», – дейді Бегасыл Сейітхан.

Ол бүгінде әке аманатына адал болуды мақсат екен.

«Әкемнің аманаты деп сезіндім. Амангелді Сейітханның дауысы, стилі ұмытылмаса екен деп тілеймін. Әкеміздің айтары көп еді, көп нәрсені айта алмай кетті. Білесіздер, қаншама жыл эфир жүргізбеді. Әкенің аманатын орындауға тырысып жүрмін. Басында бәрі «кішкентай бала ғой» деп сенбейтін. Содан өзімді дәлелдеуге тырыстым. Көптеген эфир жүргіздім. Негізі әкемнің саясаткерлігі де бір төбе болатын. Оны енді біліп жатырмын», – дейді Бегасыл Сейітхан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.