Халық әртісі Роза Рымбаева «Сахнада 50 жыл» атты гастрольдік туры Астана қаласында өткізді, – деп жазды Aikyn.kz.
Халық әртісі сахнада жас әнші Баянсұлумен бірге өнер көрсетті. Сонымен қатар оған тосынсый жасады.
Жас өнерпаз әлеуметтік желідегі парақшасында концерттен сурет жариялап, Роза Рымбаева сахналық көйлегін сыйға тартқанын жеткізді.
Баянсұлу бұл өзі үшін тарихи күн болғанын айтты.
“Бүгінгі күн мен үшін тарихи күн. Бала күнімде ата-әжем мен ата-анам теледидардан Роза Рымбаеваны көріп, менің де қызым осындай мықты әнші болады деп айтатын. Ал бүгін Роза ханымның 50 жылдық концертінде бір сахнада тұрып бірге ән айту бұйырыпты”, – деп жазды әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.










