Футбол аңызына айналған Роберт Левандовский «Барселонадан» кететінін мәлімдеді

Роберт Левандовски Барселона клубынан кететінін ресми түрде мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Польшалық шабуылшы каталондық клубқа 2022 жылы қосылған еді. 37 жастағы футболшының келісімшарты 30 маусымға дейін жарамды. Бұған дейін БАҚ өкілдері Левандовски мансабын Сауд Арабиясының Әл-Хиляль клубында жалғастыруы мүмкін екенін хабарлаған еді.

«Сынақ пен ауыр еңбекке толы төрт жылдан кейін алға жылжитын уақыт келді. Мен клубтан миссиямды аяқтадым деген сезіммен кетіп барамын. Төрт маусым, үш чемпиондық. Жанкүйерлердің алғашқы күннен бастап көрсеткен қолдауын ешқашан ұмытпаймын», – деді Левандовский.