Триатлоншы Диана Ержанова Еуропа кубогы кезеңінде топ жарды

Триатлоннан Қазақстан құрамасының спортшысы Диана Ержанова Румынияның Изворани қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

ҰОК мәліметінше, отандасымыз жарыс қашықтығын 35 минут 41 секундта жүріп өтіп, мәреге бірінші болып жетті.

Күміс жүлдені румыниялық Тунде Кришан (35:48) иеленсе, қола медаль италиялық Элис Вентреге (35:50) бұйырды.

Қазақстандық спортшылардан Алуа Нұрмұхамет бесінші (36:03), Калерия Шнайдер алтыншы (36:07), ал Аида Ким тоғызыншы (36:13) орын алды.