Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы алғашқы бейресми кездесуін өткізді. Лондондық клуб жабық форматтағы жолдастық матчта «Кроули Таун» командасын 3:1 есебімен жеңді.
Британдық журналист Киран Гиллдің мәліметінше, Сәтпаев үзілістен кейін алаңға шыққан. «Челсидің» голдарын Джейми Гиттенс, Лиам Делап және Эмануэль Эмега соқты. Матч көрермендер мен БАҚ өкілдеріне жабық жағдайда өткен.
17 жастағы қазақстандық шабуылшы 2026 жылдың жазында «Челсиге» қосылды. Ол бұған дейін алматылық «Қайраттың» және Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсеткен.










