Германия құрамасы әлем чемпионатының дебютанты Кюрасаоны 7:1 есебімен ойсырата жеңді.
Кездесуде Кай Хаверц дубль авторы атанды. Ол осымен қатарынан екі әлем чемпионатында екі голдан соғып отыр. Бұған дейін Хаверц 2022 жылғы мундиальда Коста-Рика қақпасына екі мәрте дәл соққы жасаған болатын.
Сондай-ақ тәжірибелі қақпашы Мануэль Нойер мансабындағы бесінші әлем чемпионатында алаңға шығып, неміс футболының аңызы Лотар Маттеустың рекордын қайталады.
ГЕРМАНИЯ 7:1КЮРАСАО
6′ Феликс Нмеча (1:0)
21′ Ливано Комененсия (1:1)
38′ Нико Шлоттербек (2:1)
45+5′ Кай Хавертц, пенальти (3:1)
47′ Джамал Мусиала (4:1)
68′ Натаниэль Браун (5:1)
78′ Дениз Ундав (6:1)
88′ Кай Хаверц (7:1)









