Байқаудың негізгі мақсаты – ұлттық драматургияның дамуына қолдау көрсету, халықаралық шығармашылық байланыстарды нығайту, театр репертуарын жаңа кәсіби туындылармен толықтыру және заманауи комедия жанрына қызығушылықты арттыру. Сонымен қатар жоба жас әрі жаңа есімдерді танытуға бағытталған.
Байқауға тек комедия жанрындағы пьесалар қабылданады. Ұсынылатын шығармалар төлтума болуға тиіс, яғни инсценировкаға жол берілмейді. Сондай-ақ пьесалар бұрын еш жерде жарияланбаған және сахналанбаған болуы қажет. Қатысушылар авторлық құқықты растайтын құжатты қоса ұсынуы міндетті.
Үміткерлер өз туындыларын teatr.auezov@bk.ru электронды поштасына немесе Алматы қаласы, Жібек Жолы көшесі, 154 мекенжайында орналасқан адрес бойынша жолдай алады. Пьесалар қазақ немесе орыс тілдерінде қабылданады. Сонымен бірге автор туралы мәліметтер мен байланыс деректері тіркелуге тиіс.
Шығармаларды режиссерлер, драматургтер және театртанушылардан құралған кәсіби қазылар алқасы бағалайды. Байқау қорытындысы бойынша:
І орын алған пьеса театр репертуарына енгізіледі;
ІІ орын иегерінің туындысы кіші формада өзіндік жұмыс ретінде сахналанады;
ІІІ орын алған туынды оқылым ретінде талқыланады.
Байқау 2026 жылдың 1 сәуірі мен 1 қыркүйегі аралығында өтеді. Қорытындысы 1 қазан күні жарияланады.
Аталған жоба Қазақстан мен Орталық Азия елдері драматургтерінің өзара байланысын күшейтіп, ортақ театр кеңістігін қалыптастыруға ықпал етпек.









