Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфиновтың қызметінен кететіні рас па?

Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфиновтың қызметінен кетуі мүмкін екені туралы тараған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, бірқатар бұқаралық ақпарат құралында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфиновтың қызметінен кетуі мүмкін екені туралы ақпарат тараған. Алайда бұл шындыққа жанаспайды.

“ҚФФ Талғат Маруаұлы Байсуфиновқа толық қолдау білдіреді. Маманның кәсіби қызметін, Қазақстан ұлттық құрамасын дамытуға қосқан үлесін, сондай-ақ команданы алдағы матчтар мен турнирлерге дайындау бағытындағы жұмысын жоғары бағалайды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, блогерлерді және әлеуметтік желі қолданушыларын тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және қоғамды жаңылыстыруы мүмкін расталмаған ақпаратты таратпауға шақырамыз”, –  делінген федерациняң Telegram-дағы арнасында жарияланған хабарламада.