Махаббат жастардың некеге тұруының басты себебі болып қала береді

58,5% жас респонденттер үшін неке ең алдымен отбасы құру мақсатындағы ерлі-зайыптылар одағы болып саналады , – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ал некеге тұрудың негізгі себебі ретінде 65,6% махаббатты, 16,7% ортақ көзқарастар мен мүдделерді, 7,3% балалы болуды, 5,9% ата-анадан тәуелсіз болуды атаған. Демек, жас буынның басым бөлігі үшін неке өзінің отбасылық және эмоциялық мәнін сақтап отыр.