Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина өз позициясын сақтап, әлемнің екінші теннисшісі мәртебесінде қалды.
Қазіргі таңда Рыбакинаның еншісінде 8 056 ұпай бар. Ол рейтинг көшбасшысы, Беларусь өкілі Арина Соболенкодан небәрі 494 ұпайға қалып келеді. Соболенконың қоржынында 8 550 ұпай бар.
WTA рейтингінің үздік бестігі:
Арина Соболенко (Беларусь) – 8 550 ұпай;
Елена Рыбакина (Қазақстан) – 8 056;
Джессика Пегула (АҚШ) – 6 300;
Коко Гауфф (АҚШ) – 5 649;
Мирра Андреева (Ресей) – 5 293.
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева жаңартылған рейтингте 79-орынға жайғасып, 904 ұпай жинады.
Басқа қазақстандық теннисшілер арасында Жібек Құламбаева 465-орында, Аружан Сағандықова 624-сатыда, ал Асылжан Арыстанбекова 941-орында тұр.









