2026 жылдың қаңтар–маусым айларында Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 9,5 триллион теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,6%-ға өсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Инвестицияның ең жоғары өсімі Ұлытау облысында (2 есе), Жамбыл (59,6%), Түркістан (44,4%), Абай (23,2%), Батыс Қазақстан (23%) және Алматы облысында (18,5%) тіркелді.
Ал Жетісу облысында (-21,6%), Шымкентте (-20%), Қарағанды (-10,3%) және Солтүстік Қазақстан облысында (-3,2%) инвестиция көлемі азайған.
Инвестицияның негізгі бөлігі кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен қаржыландырылды. Оның көлемі 6,5 трлн теңгені құрап, жалпы инвестицияның 68,8%-ын құрады.
Қаражаттың басым бөлігі өнеркәсіпке (41,4%), жылжымайтын мүлік саласына (18,8%), көлік және қоймалауға (15,9%) және ауыл шаруашылығына (6,2%) бағытталды.









