Қойылымның музыкасын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ренат Ғайсин жазса, ал биін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мукарам Авахри қойған. Қойылым қазақ халқының кең даласының мәдени мұрасы мен символына айналған, ежелден өсіп келе жатқан дала қызғалдағына арналды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Дала қызғалдағының бейнесіне назар аудару арқылы қазақ халқының тарихын қозғай отырып, зергерлік өнердің жылнамасы сонау .з. д. III-II ғасырлардағы Алтын тақтайшамен, Теңлік қорғандарымен байланыстырады. Мәдениетіміздің мыңжылдық тарихы тереңде жатқанын меңзейді.
Қойылымның хореографы Мукарам Авахри қойылымның сюжеті сонау Алтын қорғаннан табылған тақтайшадан бастау алғанын айтты.
– Зергердің табиғаты көшпендінің рухына жақын. Бұл дегеніміз – біздің зергерлік өнердің тарихы сонау баяғы заманнан келе жатқанын әрі мәдениетіміздің байлыққа тұнып тұрғанын көрсетеді. Алтын қорғаннан Фарабидағы көне мұрағат қана емес, руханиаттың шеберханасы саналатын Түркістан шақары сипатталып, бүкіл Жібек жолы суреттеледі. Сол аралықта жол бойында кездесетін даланың гүлі Қызғалдақтың бейнесі, көз тартар әдемілігі, адамның жан дүниесіне сыйлар көңіл күй де әр алуан. Бір сөзбен айтқанда, қызғалдақтың ғұмыры қысқа болғанымен өзіне деген қызығушылықты жойылған емес. Керісінше, қызғалдақ бүр жарып, құлпырған сайын оған деген құмарлық артып, назарымыздан қалдырмаймыз, – дейді Мукарам Авахри.
Оның айтуынша, қойылымның идеясы ақпан-наурыз айында туындаса да, оның дайындығы бар-жоғы бір айда қолға алынған.
– Қойылым – бұл ұжымдық жұмыс. Бұған қаншама ресурс құйылып, күш салынады. Қысқа уақыт ішінде дайындап шыққандықтан театр басшылығы мен әртістерге, техникалық қызметкерлергі ризашылығым шексіз.
Ринат Гайсанның өзінше жұмыс істеу стилі бар. Сол арқылы гүлдің хикаясын көрерменге жекізе білді. Әр эпизодтың 5-6 үлгісі ұсынылып, талқыға салып, таңдауға мүмкіндік болды. Дегенмен поэзия мен бидің өз тілі бар. Кей жерлерді пікіріміз екі ұшты болғанына қарамастан, қойылымның негізін беруге тырыстық, – деді театрдың бас балетмейстері.
Қызғалдақ рөлін сомдаған Астана Балетінің әртісі Назерке Аймұхаметова «Алтын гүл» қойылындағы Қызғалдақтың рөлі жанына жақын болғанын жеткізді.
– Лирикалық биді жақсы көргендіктен Алтын гүлдің жан-дүниесі өзіме жақын келді. Оның үстіне әуеннің ырғағы мен музыкасы өз септігін тигізіп, өзіне баурап әкетеді. Сонымен қатар Алтын гүлдің образын, жан-дүниесін, Зергерге деген қарым-қатынасын білдіруге қойылымдағы әуен мен музыка көмектесті. Алтын гүл өзінің нәзіктігімен, шынайлығымен көрерменін өзіне тарта білді.
Оның әрбір істеген қимылынан ләззат алу, өзіңді ұмыту, өмірдің барлық әдемі түсіне бой алдыру – әртіс пен образдың үндестігін көрсетеді. Басты кейіпкер Зергер өз жолын табу үшін үлкен сапарға аттанады. Сол жолда тұрлі кедергіге тап болғанына қарамастан, өз ұмтылыс үзбеген. Ақырында қиялындағы Қызғалдақ бейнесіндегі аруды кездестіруі – З ергер үшін өзінің жан дүниесін сезінуі , күресуі, – дейді Назерке А ймұхаметова.
Айтуынша, ол көрерменге әсерлі сезім қалдыруға тырысқан.










