Мақпал Жүнісова қызына қандай мұра қалдыратынын айтты

Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің болашағына қатысты пікір білдірді, – деп жазды Aikyn.kz.  

Әнші қызына қомақты қаржы қалдыруды жоспарлап отырмағанын жасырмады. Ол жалғыз қызына жастайынан өз еңбегімен табысқа жету керек екенін түсіндірген. 

«Саған менен ақша қалмайды деп айтып келемін. Оқыттым, бірнеше тіл білесің. Аударма жаса, өзің ақша тап. Өзіңе керек қаражатты өз еңбегіңмен табуың керек. Солай үйрен. Менен әрі кетсе, мынау отырған үйіміз қалар деп айтамын», – деді әнші.

Мақпал Жүнісова қажет болған жағдайда қызы үйді сатып, өзіне қолайлы баспана ала алатынын атап өтті.

Әнші өмірде баланың өз күшімен жетістікке жетуі маңызды екенін айтты. Сонымен қатар жастайынан еңбекке баулуды құп көретінін жеткізді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.