«Қарызсыз қоғам» – қаржылық сауат кепілі

Жоба директоры Олжас Ор­да­баев мей­мандар алдында сөз сөй­леді. «Біздің басты міндетіміз – сіздерге «Қарызсыз қоғам» қалай жұмыс істейтінін көрсету. Шын мә­­нінде, бұл – бірегей жоба. Се­бе­бі байла­ныс орталығының заң­гер­лері күн сайын шамамен үш мың адамға қызмет көр­сетеді. Біз­ге күрделі жағдайға тап бол­ған, несие жүктемесі жоғары және ­тө­лем мер­зімін кешіктірген аза­мат­тар жү­гіне­ді», – деді Олжас Ордабаев.

Заң блогының жетекшісі Са­мал Абаева жоба заңгерлерінің жұмыс ерекшелігін таныстырды.

«Бүгінде заңнамада қарыз жүктемесін реттеудің түрлі тетігі қарастырылған. Олар­дың қата­рында қайта құрылымдау, төлем қабілетін қалпына келтіру, соттан тыс және сот арқылы банкрот­тық­ты рәсімдеу қа­дамдары бар. Алайда тәжірибе жүзінде көп азамат ақ­параттың аздығынан өз жағда­йына қай механизмнің сәйкес келетінін түсінбей жатады. «AMANAT» партиясының «Қа­рыз­сыз қоғам» жобасы аясын­да заң­герлер азамат­тарға тегін ке­ңес беріп, құ­қықтық талдау жүр­гізеді, қажет болған жағ­­дайда құжат әзірлеуге және сотқа жү­гінуге көмектеседі», – деді Самал Абаева.

Журналистер мен қоғамдық пікір көшбасшылары тек жұмыс барысын бақылап  қоймай, ке­ңесші рөлін атқарып көрді. Олар «Заң кеңесшісінің рөлінде» атты тәжірибелік формат аясында аза­маттардың нақты өтініштерін қарап, сотқа дейінгі және сот про­цесіне қатысты мә­селелерді тал­дады. Сонымен қатар қонақ­тар жоба арқылы нақты көмек алған аза­маттармен де тілдесті.

Қатысушылардың көбін жоба аясында командаға артылатын жүктеме ауқымы таңырқатты. Күн сайын жоба кеңсесіне азаматтар тарапынан 900-ден 1 100-ге де­йін қоңырау шалынады. Бұдан бөлек, қыз­меткерлер WhatsApp мессенд­жері арқылы 2 мыңға жуық диа­лог­ты өңдейді. 2026 жылы қаңтар-сәуір айлары аралы­ғында call-ор­­талығында атқарылған жұ­мыс аясында  91 777 қоңырау өңделді. Соның 40 558-і – кіріс, 51 212-сі – шығыс қоңыраулар. Сон­дай-ақ WhatsApp арқылы 112 505 диалог жүргізілді. Бүгінде жоба кеңсесі жұмысына ел аумағында 60-тан астам заңгер, өңірлік үйлестіру­шілер және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері тартылды.

Қонақтарға әрбір өтініш нақты уақыт режимінде тіркелетін CRM-жүйе таныс­тырылды. Жо­баның жұмыс қағидаты толық ашы­қ­тыққа негізделген: бірде-бір өтініш жауапсыз қалмайды, нә­тиже құ­жатпен расталады, ал мә­селе шешілмеген жағдайда аза­мат­қа оның себебі түсін­діріледі. Әсіресе, қарызды қайта құры­лымдау, шоттардан бұғатты алып тастау және банкроттықты рә­сімдеу ісіне қатысты өтініштерді 5 минутқа жетпейтін уақытта аза­маттардың өз бетінше да­йын­дауына мүмкіндік беретін Telegram Bot көпшілікті қызықтырды. Пайдаланушы деректерді жүк­теген сәттен бастап, дайын құжат алғанға дейінгі барлық процесс автоматтандырылды. Бот қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді және Telegram желісін­де тәулік бойы қол­жетім­ді – @Qaryzsyz_Qogam_bot.

Мемлекет басшысының тап­сыр­маларын ойдағыдай орындау мақсатында 2023 жылдан бері «AMANAT» партиясы­ның баста­масымен «Қарызсыз қоғам» жо­басы жүйелі жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт аралығында бір миллионға жуық азаматқа құқық­тық көмек көрсе­тілді. Жалпы саны 988 885 заңгерлік кеңес пен қызмет ұсынылды. Соның ішінде барлық өтініштің 45,6%-ы – қарыздарды қайта құрылымдау, 28,5%-ы – шот­тардан бұғатты алып тастау, 5,3%-ы – бан­крот­тық­ты рәсімдеу, 1,6%-ы – төлем қа­білетін қалпына келтіру мәселе­леріне, ал 19%-ы өзге де консуль­тациялық қызмет­терге арналды. Құқықтық көмек­тен бөлек, 867 650 адам қаржылық сауаттылық бойынша онлайн-оқудан өтті. Барлық қызмет аза­мат­тарға тегін көрсетіледі.

Тілек ҚАБЫЛ