Өскемендік белсенді жастарды жинаған алаңда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Саиров ашық диалог құрып, жастармен ашық әңгіме өрбітті , – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Мәжіліс депутаты жастардың қоғамдағы рөліне ерекше тоқталып, «AMANAT» партиясы жастарға әрдайым қолдау білдіретінін атап өтті. Оның айтуынша, BIR TOLQYNDA аясындағы кездесулер жастардың пікірін тыңдап, олардың бастамаларын қолдауға арналған маңызды алаңға айнал уда.
«Жастардың үні тек ірі қалаларда ғана емес, шалғай аудандар мен ауылдарда да естілуі керек. Себебі өңірдің дамуы – белсенді жастардың идеясы мен бастамасына тікелей байланысты. Сондықтан олардың ұсынысын тыңдап, бастамаларына қолдау көрсету – басты міндеттердің бірі. «AMANAT» партиясы әрқашан жастар саясатына ерекше көңіл бөліп келеді. Халық үніне құлақ асатын Парламентте белсенді, интеллектуал жастарға әрқашан орын бар. Ал BIR TOLQYNDA – жастар мен ел ағаларының ашық пікір алмасуына мүмкіндік беретін , олардың мәселелерін тыңдап, сұрақтарына оң шешім табатын тиімді диалог алаңы. Осындай кездесулер арқылы біз жастардың ой-пікірі мен жаңа идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік аламыз» , – деді Ерлан Саиров.
Кездесуге 150-д ен астам өңір жастары қатысып, саяси белсенділік, шет аудандарда жұмысқа орналасу, жас мамандарды қолдау, студенттерге берілетін қолдау тақырыбы, N EET санатындағы азаматтар мәселесі және өзге де өзекті тақырыптарды қозғап, халық қалаулысынан керекті жауаптарын ала білді. Мәжіліс депутаты әр сауалға жеке тоқталып, заңнамалық бастамалар мен мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берді.
Жиынның екінші бөлігінде жастар саясаты, экологиялық мәдениет және кәсіпкерлік тақырыптары кеңінен талқыланды. «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» ЖҚ төрағасы кеңесшісі, жастар жобалары және аналитика басқармасының жетекшісі Жансая Қуанышбекова жастарға арналған партиялық бастамалар мен жобаларға тоқталды. Сондай-ақ жастардың мемлекеттік шешім қабылдау процестеріне қатысуын күшейту, көшбасшылық қабілетін дамыту және өңірлік жастар ұйымдарының әлеуетін арттыру бағытындағы жұмыстар туралы айтты.
Эко-белсенді Ясса Танир экологиялық мәдениет қалыптастыру мәселесін көтеріп, «Таза Қазақстан» бастамасының қоғам үшін маңыздылығына тоқталды. Ол жастар арасында экологиялық жауапкершілікті арттыру, қалдықтарды сұрыптау мәдениетін енгізу, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы азаматтық бастамаларды қолдау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар экобелсенділік бүгінде тек сенбілікпен шектелмей, тұрақты өмір салтына айналуы керек екенін жеткізді.
Ал жас кәсіпкер әрі блогер Арслан Дәуітбек жастар арасында кәсіпкерлік мәдениетті дамыту тақырыбында сөз сөйледі. Ол жеке бренд қалыптастыру, әлеуметтік желіні тиімді пайдалану, тәуекелден қорықпау және шағын идеядан үлкен кәсіпке дейін өсу жолындағы тәжірибесімен бөлісті. Спикер қазіргі жастар үшін цифрлық мүмкіндіктерді тиімді қолданудың маңызына тоқталып, еңбекқорлық пен тұрақты даму қағидалары кәсіптің табысты болуына негіз болатынын айтты.
Жастар қанаты өкілдерінің айтуынша, дәл осындай форматтағы диалог алаңдары Қазақстанның түкпір-түкпірінде қатар өткізілуде. Мәселен, бүгін Ақтөбе мен Түркістан облыстарында BIR TOLQYNDA аясында кешенді шаралар өтуде.









