Зілтемірші Петр Хребтов биылғы Азия чемпионатында бесінші орын алды

Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан Үндістанның Гандинагар қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатындағы жарыс жолын бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ел құрамасынан алғашқы болып Петр Хребтов сынға түсті.

79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық спортшы бесінші орынға ие болды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 335 (150+185) келіні еңсерді.

Алтын медальді Солтүстік Корея өкілі Ри Рён Хён жеңіп алды – 364 (158+206) келі. Екінші орынды тағы бір солтүстіккореялық Ри Чон Сон иеленді – 358 (161+197) келі. Қола жүлде қытайлық Лу Найганға бұйырды – 345 (157+188) келі.

Бүгін, 15 мамыр күні, 88 келіге дейінгі салмақта Қазақстан құрамасынан Александр Уваров пен Әлібек Рахымберды бақ сынайды.