Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Алматы облысындағы Төменгі Көлсай көлінде жаңа әмбебап құтқару пунктінің ашылуына қатысты , – деп хабарлай ды Aikyn.kz.
Нысан туристердің қауіпсіздігін арттыру және таулы аймақтағы төтенше жағдайларға ден қою әзірлігін күшейту мақсатында салынды. Құтқару пунктін орналастыру туралы шешім өңірдің табиғи ерекшеліктері ескеріле отырып қабылданды.
Бұған дейін Төменгі Көлсай көлінде 1984 жылы сел тасқындарынан кейін ашылған гидробекет жұмыс істеген. Уақыт өте келе ғимарат пайдалану талаптары мен қызмет өткеру жағдайларының заманауи талаптарына сәйкес келмейтін болды.
Ашылу барысында Шелек өзені алабы өңірдегі сел қаупі жоғары учаскелердің бірі екені атап өтілді. Биік таулы аймақта мұздықтар, мұздақ және бөгеттік көлдер орналасқан. Жергілікті жердің ерекшеліктерін ескере отырып, жаңа әмбебап құтқару пункті байланыс құралдарымен, мониторинг жүргізу жабдықтарымен, тәулік бойы кезекшілік атқаруға арналған үй-жайлармен және жедел әрекет ету техникасымен жабдықталған. Нысанда құтқарушылар мен ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ қызметкерлері қызмет атқаратын болады.
ТЖМ мәліметінше, п ункт «Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағындағы жағдайды тұрақты бақылауды және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Нысанның құрылысы демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылды.
Іс-шара барысында ТЖМ басшысы кәсіпкерлердің қосқан үлесін ведомстволық медальдармен және алғыс хаттармен атап өтті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.










