Қазақстандық құтқарушылар қоян-қолтық ұрыстан Әлем кубогында жүлдегер атанды

Түркияның Бурса қаласында қоян-қолтық ұрыс бойынша Әлем кубогының финалы өтіп, еліміздің төтенше жағдайлар қызметкерлері жоғары нәтиже көрсетті, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жарыстың қорытындысы бойынша, қазақстандық спортшылар тоғыз медаль жеңіп алды. Оның екеуі алтын, бір күміс және алты қола.

«Жекпе-жек» дисциплинасында Айшағұл Елеубаева (ШҚО ТЖД) алтын медаль жеңіп алды. Қола жүлдегерлер: Төлебай Арман мен Казезов Ералхан (АГЗ), Хайруллина Аида (Атырау облысы ТЖД), Болатбек Сания (Қызылорда облысы ТЖД) және Ғалым Назерке (Астана қаласы ТЖД) болды.

«Өзін-өзі қорғау» дисциплинасында Владимир Демьянов (Павлодар облысы ТЖД) алтын медаль жеңіп алды. Тукушев Өміржан (Астана қ. ТЖД) күміс жүлдегер атанды, ал қола медальді Қасымов Дархан (АГЗ) алды.