Әйелдерге дәрігер кеңесі ұйымдастырылды

Сондай шаралардың бірі – Астанадағы №6 қалалық емханада ашық есік күні өтті. Әйелдер онколог-маммолог және акушер-гинеколог мамандардан кеңес алып тексерілді. Емхана дәрігері, онкомаммолог Ақтілек Руслан­о­ва­ның айтуынша, мұнда күн сайын 30-40 әйел маммография­лық тексеруден өтеді.

– Кейбір әйелдер отбасы мен күнделікті тірлікті бірінші орынға қойып, өз денсаулығын кейінге қалдырады. Уақытылы скрининг­тен өту ауруды ерте кезеңде анық­тап, емдеу шараларын ертерек бастауға мүмкіндік береді, – деді маман.

Дер кезінде диагностикадан өтудің маңыздылығын Гүлбара Құлышева да жақсы біледі. Ол үшін тұрақты тексеруден өту өз денсаулығына қамқорлық жасау­дың үйреншікті дағдысына ай­налған. Ол дәрігерге баруды кейін­ге қалдырмай, денсау­лығы­на бейжай қарамауға ты­рысады.

– Емханада ашық есік күні өтіп жатқанын естіп, тексерілуді ұй­ғардым. УДЗ-дан өтуді жос­парлап отырмын. Мен денсау­лы­ғым­ды үнемі қадағалап, жыл сайын тек­серу­ден өтіп тұрамын, – деді Гүл­бара Құлышева.

Сондай-ақ Жамбыл облысы­ның Жуалы ауданындағы Қош­қарата және Күреңбел ауыл­да­рына жылжымалы меди­­цина­­лық кешен барып, 95 адам компьютерлік то­мографиядан, 92 тұрғын уль­тра­дыбыстық зерт­­теуден, 34 әйел маммографиядан өтті. Сонымен қатар Байзақ, Жамбыл, Қордай, Сарысу және Мойынқұм ау­дандарында әйел­дермен кездесу­лер ұйымдас­тырылды.

Ал Ақмола облысының Көк­шетау қаласында «Әділет» пар­тиясының Әйелдер қанаты мен Онколог-маммологтар қа­уым­дастығының ұйымдастыруы­мен «Сүт безінің денсаулығы туралы 5 минут» атты кездесу өтті. Дәрігер-онкомаммолог Қуаныш Ыдырысов аурудың қауіпті фак­торлары мен алғашқы белгілері туралы айтып, қатысу­шы­лардың сұрақтарына жауап берді. Ұлытау облысының Сәт­баев қаласында да орталық ем­ханада ашық есік күні өтіп, 200-ге жуық әйел гине­колог, маммолог, хирург және бас­қа да бейінді мамандардан ке­ңес алды. «Әйел өмірі үшін» рес­публикалық ай­лығы аясын­дағы іс-шаралар елі­міздің барлық өңірінде жалға­са­ды.

 Бекбол Амангелді