Қазақстан таеквондодан командалық әлем кубогында күміс медальға ие болды

Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында таеквондодан командалық әлем кубогы басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алғашқы жарыс күні Қазақстан ерлер құрамасы финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды.

Отандастарымыз ширек финалда Марокконы 2:0 есебімен, жартылай финалда Ресей құрамасын 2:1 есебімен жеңді.

Федерация мәліметінше, ақтық сында Қытай құрамасына 2:0 есебімен жол берді.

Құрама сапында Мақсат Орынбасар, Абдурахмон Марипов, Ануар Мұхаметкәрімов және Батырхан Кусетов өнер көрсетті.

Айта кетейік, командалық әлем кубогы 16 шілдеде аяқталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM    арнасынан табасыз.