Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмонов әлеуметтік желідегі парақшасында мотивациялық жазба жариялап, табысқа жетудегі өз ұстанымын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Спортшының айтуынша, шынайы жеңіс ең жылдам жүгірген адамға емес, өз мақсатын жоғалтпай, ұзақ уақыт бойы табандылық таныта білген жанға бұйырады.
«Шынайы өмірде жеңіске бәрінен жылдам жүгірген адам емес, өз жолында өзін жоғалтпай, алға ұзақ уақыт бойы табандылықпен қозғала алған адам жетеді», – деп жазды Шавкат Рахмонов.
Желі қолданушылары файтердің жазбасын жылы қабылдап, пікірлерде оған қолдау білдірді. Олар спортшыға мансабында жаңа жеңістер тілеп, айтқан сөздерінің көпшілік үшін өмірлік ұстанымға айналуы мүмкін екенін атап өтті.
Көпшілік Шавкат Рахмоновтың тек октагондағы жетістіктерімен ғана емес, өмірлік көзқарасы мен ұстанымы арқылы да жастарға үлгі болып жүргенін жазды.










