Елордадағы Barys Arena кешенінде өтіп жатқан Counter-Strike 2 бойынша PGL Astana 2026 халықаралық турнирінің екінші ойын күні аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жартылай финалдық кездесулерді аренада шамамен 9 мың көрермен тамашаласа, онлайн трансляциялардың жалпы аудиториясы 500 мыңға жуық адамға жеткен. Бұл халықаралық турнирге қызығушылықтың жоғары екенін және Астананың әлемдік киберспорт картасындағы маңызын арттыра түскенін көрсетеді.
16 мамыр күні өткен жартылай финал матчтарының қорытындысы бойынша гранд-финалға шыққан командалар анықталды. Алғашқы кездесуде еуропалық Team Spirit германиялық MOUZ ұжымын жеңді.
Екінші матчта Team Falcons құрамында қазақстандық Moon өнер көрсететін MAGIC командасымен кездесті. Жергілікті жанкүйерлердің қызу қолдауына қарамастан, Falcons жеңіске жетіп, финалға жолдама алды. Енді шешуші ойында олар Team Spirit-пен кездеседі.
Жанкүйерлердің айтуынша, турнирдің екінші күні ерекше атмосферада өткен. Трибуналар командаларға үздіксіз қолдау көрсеткен.
— Мен PGL турнирі үшін Астанаға алғаш рет келіп тұрмын және ерекше әсер алдым. Арена заманауи, жанкүйерлер өте белсенді. Мұнда киберспорт жоғары деңгейде дамып жатқаны көрініп тұр, — деді шетелдік қонақтардың бірі.
Турнир 17 мамыр күні жалғасады. Соңғы ойын күнінде халықаралық жарыстың чемпионы анықталады.








