Ташкентте (Өзбекстан) дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
100 келіден жоғары салмақта Әділжан Жаудинов ширек финалда сәтті өнер көрсетті.
Отандасымыз бұл кезеңде Даниэль Чермакпен (Венгрия) белдесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Енді Әділжан Жаудинов әлем чемпионатының финалына шығу үшін түркиялық Ибрахим Татароглумен күреседі.






