Прагада (Чехия) дзюдодан Еуропа кубогы өз мәресіне жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ғалымжан Қырықбай 100 келіден жоғары салмақтың ақтық сынында командаласы Жантілек Нұртілепұлымен кездесті. Нәтижесінде, Ғалымжан Қырықбай айқын басымдықпен жеңіске жетіп, алтын медальға ие болды.
Ал әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақта Тасним Абдуали қола жүлде үшін күрескен еді. Дегенмен шешуші белдесуде Германия өкілі Хелен Хабибтен жеңіліп қалды.
Айта кетейік, бұған дейін 60 келі салмақта Шерзод Давлатов алтын алса, Нұраділ Әлжан қола медальға ие болғанын жаздық.








