Қасым-Жомарт Тоқаев Король II Абдалла бен әл-Хусейнді және Иордания халқын ел тәуелсіздігінің 80 жылдығымен құттықтады, – деп хабарлады Aikyn.kz Akorda-ға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы былтырғы сапарлар мен жоғары деңгейде өткен келіссөздер екіжақты ынтымақтастықтың дамуына тың серпін бергенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Король II Абдалла бен әл-Хусейннің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал бауырлас Иордания халқына құт-береке тіледі.










