Ертеңнің технологиясы, бүгіннің талабы

Мемлекет басшысы жасан­ды интеллект саласындағы дең­­гейі аса жоғары маман­дар­дың ба­сын қосқан форумға ша­қыр­ғаны үшін Президент Вла­димир Путинге алғыс ай­тып, Ресейдің ғы­лым мен тех­но­логиядағы же­тіс­тіктеріне оң баға берді.

– Ресей ежелден данышпан ға­­лымдары­мен, әсіресе, ин­же­не­­рия саласындағы өнер­­­­тап­қыш­­тарымен танымал. Дәл осы жер­де Михаил Ломоносов, Дмитрий Мен­делеев, Иван Ку­ли­бин, Николай Лоба­чевс­кий, Андрей Колмогоров, Алек­сандр По­пов, Сергей Королев, Конс­­тантин Циол­ковс­кий, Игорь Курчатов, Петр Капица жә­не басқа да көптеген ақыл-ой алып­тары­ның есімін атау орын­ды болар еді. Олардың бә­рін бірдей атап-түстеуге қа­ғаз да, уа­қыт та жетпейді. Ака­де­мик Сер­гей Лебедевтің же­тек­шілі­гі­мен әлемдегі ең ал­ғаш­қы элек­трон­дық есептеуіш ма­шина­лары­ның бірі жа­салды. Бұл жаңа тұрпатты техно­ло­гия­лық жүйенің қалыптасуындағы маңыз­ды кезең болды, –  деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті атап өт­­кендей, осы игі дәстүр қазіргі Ре­­сейде де лайықты жал­ғасын тап­­ты.

– Дүниежүзілік зияткерлік мен­шік ұйы­мы­ның мәліметіне сәйкес, Ресей бірегей конструк­ция­лар мен модельдер өндірі­сі­не бе­рілген өтінімдер бойын­ша әлемде екінші орын алады. Оның адамзат дамуындағы маңы­­­­­­зына бір сөзбен баға беру қиын. Ре­сей­­дің жетекші тех­но­логиялық ком­пания­лары­ның, соның ішінде «Сбер» мен «Ян­декс­­тің» заманауи әзірлемелері жоғары тех­нологияның да­муы­на қызығатын, ақ-қара­ны ажы­ра­та білетін кез келген адамды таң­­ғалдырмай қоймайды. «Ян­декс» те, «Сбер» де біздің на­рық­­­­та кеңінен танымал. «Ян­декс» шын мәнінде Қазақ­стан­да­ғы ең ірі жұмыс берушілердің бірі са­на­лады. «Кур­чатов инс­ти­туты», «Сколково», «Ин­но­­по­­­лис», «Тех­нополис» және бас­­­қа да маң­­­­­дайалды мекемелер Ресей мемлекетінің инно­ва­ция­­лық инфрақұрылымы қан­ша­лық­ты ауқымды екенін анық көрсе­теді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы жаппай цифр­­лан­дыру және жасанды ин­­теллектіні енгізу та­қырыбы өзі­­не ерекше жақын екенін, өйт­­­кені реформа бағдар­ла­ма­сы­­ның басым ба­ғыты ретінде жа­­рияланғанын айтты.

– Биыл 1 шілдеде заңды кү­шіне енген жаңа Консти­туция­мыз­д­а ғылым мен инно­ва­ция­ны дамыту стратегиялық бағыт, ал бі­­лім мен прогресс мем­ле­кет­тің басты құн­ды­лық­тары ре­тінде бекітілді. Дәл осы се­беп­­ті аталған форум еліміз үшін өзек­ті. Мұ­ны Қазақстан деле­гация­сының құра­мы­нан да аң­ғаруға болады. Олардың қа­та­рын­да ресейлік серіктестер­мен ықпалдастықты кеңей­туге мүд­делі салалық мемлекеттік ор­­ган­дардың басшылары, ірі биз­нес пен IT қо­ғамдастық өкіл­­дері бар. Қазақстан мен Ре­­сейді ға­сырлардан тамыр тар­татын дос­тық, ортақ тарих, бе­рік эко­номикалық жә­не жан-жақты гу­манитарлық қа­ты­настар бай­ланыстырады. Озық технология са­ласындағы ын­тымақтастық Қазақстан-Ре­сей стратегиялық серіктес­тігі­нің басты бағыт­та­рының бірі болатынына сенім­ді­-мін, – деді Президент.

Мемлекет басшысының пайым­­дауын­ша, әлем жаңа ғы­лыми-техникалық рево­лю­ция­ның табалдырығында тұр. Оның әсе­рінен жаһандық эко­но­­мика, адамдардың дү­ниета­ны­­мы және тұтас мемлекеттер түбе­гей­лі өзгеріске ұшырай­ты­ны анық.

– Жасанды интеллект қа­зір­­­дің өзінде же­­келеген өн­ді­ріс­тік жә­не ойлау үдерісін не­ме­се қа­зір айтылып жүргендей, ког­ни­тив­тік процестерді авто­мат­тан­дырумен шек­телмей, техноло­гия­лық инфрақұры­лым­­ның ажы­рамас бөлігіне ай­­налды. Биыл дүниежүзінде жа­­­санды ин­теллектіге жұм­сал­ған қаржы ша­мамен 2,7 трил­лион дол­лар­ды құрауы мүмкін. Оның ішінде 1,5 трил­лионнан ас­тамы цифр­лық инфра­құры­лым­­ды дамы­ту­ға бағытталды. Стэнфорд уни­­­­вер­ситетінің зерт­теуі бойын­ша сауал­на­маға қа­тысқан ұйым­дар­дың 88 пайы­­зы өздерінің күнделікті қыз­метінде жасанды интел­лек­тіні пайдаланатынын мә­лім­де­ген. Екі жыл бұрын атал­­ған көр­сеткіш небәрі 55 пайыз еді. Ірі шетелдік техно­логиялық ком­паниялардың, со­ның ішін­де ресейлік ком­па­ниялардың басшыларымен жиі кез­десіп, пікір алмасамын. Жа­қында NVIDIA жетек­шісі Джен­сен Хуанг­пен жүздестім. Сон­дағы кө­зім­нің жеткені – бо­лып жат­қан өзгерістер ұзақ­мер­зім­ді әрі ол енді тоқтамайды, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев тех­но­логиялық тран­сформация гео­­саяси шиеленіс кү­шей­ген, мем­­лекеттер арасындағы се­нім­ге сел­кеу түскен кезеңде жү­ріп жат­қанына назар аудар­ды.

– Әлемнің мүлдем жаңа гео­тех­­нология­лық картасы пай­да бол­ды деуге болады. Озық ше­шім­дерге, есептеу қуа­тына, бі­лік­ті кадрларға қол жет­кізу мем­лекеттің бәсе­ке­ге қ­а­біле­т­ті­лігіне және қауіпсіз­ді­гіне ық­­пал ететін факторға ай­налды. Ха­лық­ара­лық ғылы­ми байла­ныс­тарды шектеу, аса маңыз­ды тех­нологияларды аталған үде­ріс­ке қатысушы ат төбе­ліндей топтың қолында шо­ғырландыру түбі жаһандағы тех­ноло­гиялық теңсіздіктің ушы­ғуына алып ке­леді. Ел­дер­дің арасында тағы бір жіктің қа­лып­тасуына жол беру­ге бол­май­ды. Керісінше, өза­ра тиімді халықаралық ғы­лы­ми-тех­но­логиялық ынты­мақ­­­тастыққа тиісті жағдай жа­с­ау қажет, – деді Мемлекет бас­­­­шысы.

Президент Қазақстанды ба­рын­ша қысқа мерзім ішінде толық цифрланған мемлекетке айнал­дыру­ды стратегиялық мақсат ре­тінде белгілегенін мәлімдеді.

– Біз осы жылды «Цифр­лан­дыру және жасанды интеллект жы­лы» деп жарияладық. Digital Qazaqstan жалпыұлттық стра­те­гия­сы бекітіліп, «Жасанды ин­тел­лект туралы» заң мен Цифрлық ко­декс қабылданды. Осылайша, цифрлық экономиканы қарқынды дам­ытуға қажетті құқықтық және инс­титуционалдық негіз қаланды. Ең бастысы, аталған ауқымды жұ­мысты қоғам қолдап отыр, себебі аза­маттарымыз және бизнес игі­лі­гін көруде. Мемлекеттік қыз­мет­­тердің 90 пайыздан астамы он­лайн қолжетімді, eGov Mobile қо­сымшасына халқымыздың үш­тен екісі, яғни, 13 миллион қол­да­ну­шы тіркелген. Бір апта бұрын жа­рияланған БҰҰ зерттеуіне сүйен­сек, Қазақстан әлемдегі элек­трондық үкіметтің даму рей­тин­гінде екі жыл ішінде 8 по­зи­ция­ға көтеріліп, 16-орынға табан тіре­ді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бөлек, Президент Қа­зақ­­станда электронды қаржы қыз­меттері дамығанына тоқталды.

– Елімізде технологиялық кә­сіп­керлікке қолайлы жағдай жа­сал­ған. Былтыр отандық IT-қыз­мет­тер экспорты 1 миллиард дол­­лар­дан асты. Стартаптар мен тех­­нологиялық компанияларға қол­дау көрсететін Astana Hub тех­нопаркі табысты жұмыс істеп тұр. 2019 жылдан бері Astana Hub ор­та­лығына тіркелуші компания­лар­дың жиынтық кірісі 7 мил­лиард долларға жуықтады. Қазіргі кезде Astana Hub аясында 2700 стар­тап пен компания қызмет көр­сетеді. Алғашқы «сыңармүйіз стар­тап» та пайда болды. Қазір оның соңынан басқа да ком­па­ния­­лар ілесіп келеді. Higgsfield деп ата­­латын стартаптың құны бір жыл­­да 10 миллиард долларға ша­рық­­тады, компанияның капита­ли­зация деңгейі ұдайы өсіп келеді. Оның негізін қазақтың екі та­лант­ты жігіті қалаған. Мен «халықтық цифр­лық экономика» құру мінде­тін қойдым. Интернет заңды кә­сіп­пен айналысып, пайда тапқы­сы келетін адамдарға қызмет етуге тиіс. Басқаша айтқанда, интер-нет – «қоқыс жәшігі» емес, жа­сам­паз шығармашылық пен өнім­ді ең­бек­тің кеңістігі болуы керек. Аза­мат­тарды цифрлық құралдар ар­қылы жұмыспен қамту үшін нақ­­­ты шаралар қабылданып жа­тыр, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті келе­шек цифрлық экономикаға маман даярлау ісіне айрықша мән беріліп отырғанын жеткізді. AI-Sana бағ­дар­ламасы аясында 100 мыңнан аса студент жасанды интеллектіні қол­данудың практикалық дағды­ларын меңгеруде.

– Инфрақұрылым мен ма­ман­дардың сақадай-сай болуы техно­ло­гиялық серпіліске кепіл емес еке­нін біз жақсы түсінеміз. Төл әзір­лемелер болуы қажет. Ең бас­ты­сы, оны экономиканың кәдесі­не жаратқан жөн. Дәл осы себепті жа­қында Астанада өткен Digital Bridge форумында AI Challenge бас­тамасын ұсындым. Оның мақ­саты – кәсіпорындар мен бағ­дар­ла­ма әзірлеушілерді нақты өнді­ріс­тік міндеттерді шешуге жұмыл­дыру. Ресеймен арадағы серіктес­ті­гі­мізде де осындай тәсілге қа­жет­­ті­лік туындайды деп сенемін, – де­ді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев энергетикадағы ахуал ту­ра­лы сөз қозғады. Оның пікірінше, жа­­санды интеллектіні қарқынды ен­гізудің нәтижесінде есептеу қуа­ты­на сұраныс көбейеді, ал бұл энер­­гия жүйелерінің жүктемесін арт­­тырады.

– Халықаралық энергетика агент­тігінің болжамы бойынша 2030 жылға қарай әлемдегі дерек­тер­ді өңдеу орталықтары 950 мил­лиард киловатт-сағатқа дейін элек­тр қуатын тұтынуы мүмкін. Бұл – 2024 жылғы деңгеймен са­лыс­тырғанда екі есе жоғары. Мұн­дай жағдайда энергетикалық ре­сурс­тардың қолжетімділігі, электр желілерінің сенімділігі және оны тиімді қолдану технологиялық бә­секеге қабілетті болудың негізгі ал­ғышарты саналады. Сондықтан Қа­зақстан бірнеше атом электр стан­циясын салу туралы страте­гия­лық шешім қабылдады. Ресей­мен серіктестік негізінде салы­на­тын алғашқы «Балқаш» стан­ция­сы­ның құрылысында «Росатом» корпорациясы жетекші рөл атқа­ра­ды, – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің пайымдауынша, кө­лік-логистика саласындағы бір­лескен жұмыс та стратегиялық мән­­ге ие.

– Омбыда өткен Өңіраралық ын­тымақтастық форумында жүк та­­сымалын жетілдіруге, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын бас­қару­ға арналған қазақстандық Smart Cargo және AI Jol жобалары та­ныстырылды. Қазан айында ел­деріміз арасында электронды жүк­құжатты пайдалану арқылы ав­токөлікпен жүк тасымалдау пи­лоттық режимде сәтті ұйым­дас­ты­рылды. Басқаша айтқанда, көлік бай­ланыстарын одан әрі цифр­лан­дырудың барынша берік негізі қа­ланды. Енді ұлттық ақпараттық жүйелерді өзара үйлестіріп, осын­дай инновациялық шешімдерді іс жү­зінде қолданған жөн. Бұл – оңай міндет емес, бірақ екі жақ шын ниетпен кіріссе, шешілетін мә­селе. Келешекте Қазақстан мен Ре­сей арасында толыққанды цифр­лық көлік дәлізін қалып­тас­тыруға болар еді. Бүгін көрмеде екі елдің жүк тасымалы сала­сын­да­ғы ықпалдастығы алдағы уа­қыт­та қалай өрбитіні таныстырылды. Ке­лешегінен көп үміт күтеміз. Та­би­ғаттың өзі сыйға тартқан ар­тықшылығымызды ескерсек, кө­лік-логистика саласын дамытуда ерен жетістіктерге жете аламыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы ғылым мен жоғары білім саласындағы ын­тымақтастықтың қарқынына оң баға берді.

– Қазіргі таңда елімізде ресей­лік университеттердің тоғыз фи­лиалы бар. Ресей Президентімен өзара уағдаластығымызға сай ашы­лып жатқан «Қазақстан – Си­риус» мектебінің алар орны ерек­ше. Бұл жоба білім саласындағы ық­палдастығымыздың келешегіне қызмет етеді. Аталған мектеп та­лант­ты балаларды анықтап, олар­дың қарым-қабілетін шыңдауда ре­сейлік тәжірибеге сүйенеді. Ма­мыр айында Астанада білім бе­ру кешенінің құрылысы бас­тал­ды. Дәл сондай жоба Алматыда да жү­зеге асырылуда, – деді Қазақ­стан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев интел­лек­туалдық жүйелердің білім са­ла­­сына әсерін қаперге алу қажет деп санайды.

– Заманауи технологиялар са­наулы секундтарда дайын жауап алу­ға мүмкіндік береді. Біздің мін­детіміз – балаларды өз бетінше ой­лануға, ақпаратты сыни тұр­ғы­дан сараптауға, байыпты шешім қа­былдауға үйрету. Бұл да оңай мін­дет емес. Өйткені жастардың өзі бізді, аға буынды қазіргі за­ман­ға сай пайдалы нәрсеге үйрете ала­ды. Бірақ біздің өмірлік тә­жіри­беміз көбірек және жастарға қауіпсіз, өркениетті әлемді, оларға бо­лашақта қажет болатын білімді ама­нат етіп қалдырғымыз келеді. AI Journey Junior білім беру бағы­ты аясында оқушылар мен пе­да­гог­терге жасанды интеллектіні жә­не жаңа технологияларды жауап­кершілікпен қолданудың пай­дасын түсіндіретін бірлескен жо­баны әзірлеуге болады деп ой­лай­мын, – деді Мемлекет бас­шы­сы.

Сондай-ақ Президент озық тех­­нологиялардың артықшы­лық­та­ры­мен қоса қауіп-қатері де жет­кі­лікті екенін алға тартты.

– Өкінішке қарай, жасанды ин­теллектіні цифрлық алаяқтық, жал­ған ақпарат тарату, жеке де­рек­терді заңсыз қолдану, аза­мат­тық инфрақұрылымға шабуыл жа­сау үшін пайдалануда. 6 қараша кү­ні Иордания Королі II Абдал­ла­ның бастамасымен Астанада Ақа­ба процесінің саммиті өтті. Жа­сан­ды интеллект саласындағы қауіп­сіздік мәселесі талқыланды. Пі­кірталастың нәтижесі жаңа тех­нологияны қаскөй әрекеттерге пай­далануға қарсы бірге күресу қа­жеттігін тағы да растады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті өзі кө­тер­ген ұсыныстар, сайып кел­ген­де, мемлекеттер арасындағы сенім ка­питалын жоғары технологиялар са­ласындағы жемісті ынтымақ­тас­тық барысында жаңа табыс­тар­мен толықтыруды көздейтінін айт­ты.

– Бірлескен бастамалар хал­қы­мызға, компаниялар мен кәсіп­орын­дарға пайдалы нәтижеге ұла­суға тиіс. Біз өзара құрмет пен қол­дауға арқа сүйеп, аталған мін­дет­ті лайықты деңгейде жүзеге асы­ратынымызға сенімдімін. Сөз соңында айтарым, Қазақстан Ре­сей­мен арадағы стратегиялық се­ріктестік және одақтастық қа­ты­настарды жоғары бағалайды. Ке­ше мен Қытайда өткен саммит­тің қорытындысына және ұлы мемлекеттердің «Үлкен үштігінің» дек­ларациясы қабылдануына бай­ла­нысты Ресей Президентіне шы­­найы лебізімді жеткіздім. Гео­саяси жағдай күрделі кезеңде Ре­сейдің осындай статусқа ие мем­лекет ретінде мойындалуы – оның көш­басшысы Владимир Вла­ди­мирович Путиннің еңбегінің нә­ти­жесі. Бұл – айдан анық нәрсе. Оны жоққа шығарамын деп әуре болу­дың қажеті шамалы, – деді Мем­лекет басшысы.

Сонымен қатар Мемлекет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ре­сей Президенті Владимир Пу­тин Жасанды интеллект тақы­ры­бына арналған AI Journey 2026 кон­ференциясы аясында жастар­мен диалог жүргізді.

Қазақстан Президенті халық­ара­лық жасанды интеллект олим­пиа­дасында жеңімпаз атанған жа­сөспірімдерді осынау бірегей фо­румға қатысу мүмкіндігіне ие болуымен құттықтады. Оның ай­туынша, бұл – өз қарым-қабіле­тің­ді әлемге, соның ішінде мем­ле­кеттер басшыларына паш ететін орайлы сәт.

– Аға буынның парызы – та­лант­ты жастардың кәсіби тұрғы­дан шыңдалуына жағдай жасау. Бұл, шын мәнінде, мемлекеттік маңы­зы бар міндет. Біз сіздердің еш­қандай қиындықсыз лайықты бі­лім алып, осы күрделі әлемде мем­лекеттеріміздің өсіп-өркен­деуі­не және қауіпсіздігіне өз үлес­теріңізді қосу үшін қолдан кел­ген­нің бәрін жасаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы жасанды ин­теллектінің даму процесі одан әрі үдей түсетінін, сөйтіп әлемнің да­муына айтарлықтай ықпал ете­тінін атап өтті.

– Қазақстан Республикасының Президенті ретінде мен цифрлан­дыруға және жасанды интеллектіге басым стратегиялық міндет ретін­де қараймын. Өздеріңізге мәлім, осы мақсатта биыл елімізде «Цифр­ландыру және жасанды ин­теллект жылы» жарияланды. Бұл келесі жылы жұмыс тоқтап қа­лады дегенді білдірмейді. Оның мә­ні – биыл біз осы жолда қар­қын­ды қадам жасадық. Тиісті заң­дар, нормалар қабылданды, яғ­ни жасанды интеллектіні да­мы­тудың заңнамалық-құқықтық не­гізі жасалды. Біз әлі діттеген мақ­сатымызға жеткен жоқпыз. Ме­нің түсінігімде, жасанды ин­тел­лектінің серпінді дамуы Үкі­мет­ке жаңа міндеттер жүктейді. Әлі жасы жиырмаға да толмаған өс­келең ұрпақтың баянды бо­ла­шағы үшін аянбай еңбек етеміз. Өмірлерің алда, келешектің кел­бе­тін айқындау Сіздердің қол­да­рыңызда. Қазақстаннан келген аза­маттарды ресейлік дос­тары­мызбен, серіктестерімізбен тығыз жұ­мыс істеп, өркениет жолына бір­г­е қадам басуға шақырамын, – деді Президент.

Бұдан кейін мемлекеттер бас­шы­лары мен жастардың сұхбаты сұ­рақ-жауап түрінде өрбіді. Оқу­шылар мен студенттер пре­зи­дент­терге жауап беріп қана қоймай, жа­санды интеллект технология­ла­рын ғылым, білім, медицина, эко­номика салаларында және өнер­де қолдануға қатысты өз ой-пі­кір­лерін бөлісуге мүмкіндік ал­ды.