Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова өміріндегі ауыр кезең туралы айтып берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Продюсердің айтуынша, тұңғышы Қайрат Нұртас дүниеге келгеннен кейін бірнеше Гүлзира Айдарбекова ет сәбиінен айырылған.
Айтуынша, осы оқиғадан кейін денсаулығында қиындықтар туындап, бірнеше рет жүктілігі сәтсіз аяқталған.
– Іштегі баланың шетінеп кетуі деген болады ғой. Бір күні Түркістанға ағамды іздеп телефон соқтым. Сөйтсем, ол досының үйінде екен. Телефонды орыс жеңгем көтерді де, бірден “сіздің ағаңыз қайтыс болды” деді. Тіпті, қай ағам екенін де сұрамаппын. Сол сәтте барлық ағаларым көз алдыма келді. Қатты күйзеліп, жаман хабарды көтере алмадым. Соның салдарынан ішімдегі балам шетінеп кетті. Шетінеп кеткен баланы алдырғаннан кейін қайта көтеремін, қайта түсіп қала береді. Ол кезде жатырдың “ойнамалы” болып қалатынын білмедім. Сөйтіп қатарынан алты сәбиімнен айырылдым. Кейін бір орыс әйел “алты айдан бір жылға дейін демалыңыз, ағзаңыз қалпына келсін” деп кеңес берді», – деді Гүлзира Айдарбекова.
Гүлзира Айдарбекованың сөзінше, осыдан кейін ұлы Аян дүниеге келген. Алайда одан кейін де тағы үш жүктілігі сәтсіз аяқталған.
«Аяннан кейін тағы үш рет балам шетінеп кетті. Жалпы, Қайраттан кейін тоғыз сәбиімнен айырылдым», – деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от ФАРИЗА БАЙЕЛІ | Медиа-ПРОДЮСЕР (@fariza.baiely)










