Қазақстандық реставраторлар Армениядағы халықаралық семинарға қатысты

Іс-шараға Қазақстан, Италия, Франция, Ирак, Сирия, Грузия, Ресей және АҚШ елдерінен келген мамандар қатысты, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Семинар бағдарламасы аясында дәрістер, шеберлік сабақтары және реставрация саласындағы өзекті мәселелерге арналған дөңгелек үстел өтті. Қатысушылар биохимиялық зерттеулер, физикалық және цифрлық реставрация, сондай-ақ жазба мұраны сақтауда заманауи технологияларды қолдану мәселелерін талқылады.

Биыл халықаралық семинардың өткізіліп келе жатқанына 15 жыл толды. 2011 жылдан бері жиын сала мамандарының басын қосып, өзара тәжірибе бөлісетін, пікір алмасатын беделді халықаралық алаңға айналды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.