Қазақстан құрамасы нысана көздеуден әлем кубогы кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды

Қазіргі таңда Мысырдың Каир қаласында нысана көздеуден жасөспірімдер арасында әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жарыс аясында Қазақстан құрамасы екі алтын медаль жеңіп алды.

50 метрден мылтықпен жатып ату сайысында Олег Носков топ жарды. 

Сондай-ақ 25 метрден тапаншамен атудан Кирилл Цуканов жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.

Айта кетейік, әлем кубогының кезеңі 27 сәуірге дейін жалғасады.