“Өнер қырандары” театрының актері Меліс Наурызбеков денсаулығына байланысты төсек тартып жатып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл туралы театр директоры Мадияр Серікбаев жазды.
Оның айтуынша, актердің беліне ота жасалған. Дәрігерлер оған алты ай бойы қимыл-қозғалысты шектеуді ұсынғанымен, Меліс Наурызбеков гастрольдік сапарларға қатысуға мәжбүр болған.
“Меліс денсаулығына байланысты жатып қалды. Гастрольдің алдында операция жасатқан. Негізі алты ай жату керек еді. Бірақ концерттерге шықты. Талдықорғанға әрең барып келген соң ем қабылдады. Қазір қайтадан тұра алмай қалды. Концерттерге ауырсынуды басатын дәрі ектіріп шыққан. Белден төмен қарай аяғының жұмысы нашарлап жатыр”, – деді Мадияр Серікбаев.
Театр басшысы халықтан актердің сауығып кетуі үшін дұға етуді сұрады.










