Қазақстанда 2026 жылдың басынан бері зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылар 10%-ға көбейді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Индексациядан кейін ең төменгі жиынтық зейнетақы 105 мың теңгеге, орташасы 198 мың теңгеге, ал ең жоғарысы 238 мың теңгеге жетті. Зейнетақыны бүгінде 2,6 миллион адам алады.
Сондай-ақ балалары бар отбасыларға берілетін жәрдемақылар да 10%-ға өсті. Жыл басынан бері бұл төлемдерді 1,3 миллион адам алды.
Бұдан бөлек, мүгедектік бойынша жәрдемақы мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдер де 10%-ға ұлғайтылды. Үкіметтің мәліметінше, елдегі жұмыссыздық деңгейі 4,6% болып отыр.









