Түркістан облысында TikTok әлеуметтік желісіне жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері нысанды киімді киіп, әдепсіз би билеген қыздың бейнежазбасын анықтады , – деп хабарлайды Aikyn.kz .
Тексеру барысында бейнежазбаның авторы Алматы қаласының 23 жастағы тұрғыны Арайлым Жиенбаева екені анықталды.
Оның әрекетіне құқықтық баға берілді.
Сот шешімімен блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.
« Полицияның нысанды киімі әлеуметтік желіде назар аудартудың құралы емес. Әр адам құқыққа қайшы әрекеті үшін заң аясында қатаң жауапқа тартылады », – делінген полиция хабарламасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.










