Спорт күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінде спорт қауымдастығы өкілдерін марапаттау рәсімі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Отандық спорт пен олимпиадалық қозғалыстың дамуына қосқан үлесі үшін спортшылар, жаттықтырушылар және спорт саласының мамандары Қазақстан ҰОК-нің Құрмет белгілерімен марапатталды.
«Қазақстан Республикасы Олимпиадалық қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» I дәрежелі Құрмет белгісімен:
Назым Қызайбай – 2024 жылғы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, бокстан 2025 жылғы әлем чемпионы;
Нұрбек Оралбай – 2024 жылғы Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері;
Айбек Оралбай – бокстан 2025 жылғы әлем чемпионы;
Елдос Сайдалин – бокстан Қазақстан Республикасы әйелдер ұлттық құрамасының бас бапкері;
Асқар Еркебаев – бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы;
Дархан Қызайбаев – «Қазақстан бокс федерациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің халықаралық байланыстар жөніндегі вице-президенті;
Сағындық Мекеев – Қазақстан Республикасының аралас жекпе-жек (ММА), панкратион және грэпплинг ұлттық федерациясының президенті.
«Қазақстан Республикасы Олимпиадалық қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» II дәрежелі Құрмет белгісімен:
Сергей Шевченко – ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының жаттықтырушысы;
Долкунжан Камеков – бокстан Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы.
ҰОК-нің құрмет белгілері спорт пен олимпиадалық қозғалыстың дамуына қосқан елеулі үлесі, кәсіби жетістіктері, сондай-ақ, қазақ спортын өркендетуге және жоғары деңгейдегі спортшыларды даярлауға бағытталған көп жылғы еңбегі үшін табысталады.
Айта кетейік, Қазақстанда Спорт күні жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі.










