Дәл осындай ойды «Әділет» партиясынан Жетісу облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Амангелді Есбай, Данияр Ахмолдаев және Талдықорған қалалық мәслихатына кандидаттары кезекті жиында айтты.
Бұл жолы үгіт-насихатшылар Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің педагогтарымен кездесіп, «Әділет» партиясының 2026–2031 жылдарға арналған өңірлік Сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Алғаш мінберге көтерілген Амангелді Есбай сайлауалды бағдарламаның міндетіне тоқталды. Айтуынша, бағдарламадағы әрбір басымдық өңірді әлеуетті етпек.
– Сайлауалды бағдарламада көрсетілген біздің тоғыз басымдығымыз біртұтас жүйені құрайды. Заң мен тәртіп сенім қалыптастырады. Тиімді институттар орындалуды қамтамасыз етеді. Қуатты өңірлер өмір сапасын арттырады. Әділ экономика табыс әкеледі. Цифрландыру қолжетімділікті кеңейтеді. Әлеуметтік ынтымақтастық адамды қолдайды. Білім мен денсаулық әлеуетті ашады. Мәдениет қоғамды біріктіреді. Экологиялық жауапкершілік болашақты сақтайды, – деді Амангелді Есбай.
Артынша сөз тізгіндеген Данияр Ахмолдаевтың айтуынша, Жетісу өңірінің экономикасы ауыл шаруашылығына негізделген. Сондықтан ауыл күнкөріс емес, молшылық мекені болуы керек. Партия сайлауалды бағдарламасында ауылшаруашылығын өрісті етуді көздейді.
– Суармалы жерлерді пайдалану тиімділігін арттыру үшін суды үнемдейтін заманауи технологияларды енгізіп, оларды қолданатын алқаптарды 2031 жылға қарай 175,2 мың гектарға дейін ұлғайтамыз. 74,6 мың гектар суармалы жерді ауыл шаруашылығы айналымына енгізіп, қосымша 3,2 мың гектар жерді айналымға тартамыз, – деді спикер.
Кездесу барысында шараға қатысушылар өздерін толғандырған мәселелер бойынша сауалдарын жолдап, тұщымды жауап алды. Алдағы саяси науқанда «Әділет» партиясын қолдайтындарын жеткізді.
Дайындаған: «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: А.Ғ. Есбай
Жетісу облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.










