«Ашық микрофон»: Тұрғындар тілегі ескерілді

Кездесуге Астана қаласы мәс­лихатының депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының жетек­шісі Ғабит Тәжімұратов, Астана қаласы мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы фрак­ция­сы­ның мүшесі Сәуле Самидин және «AMANAT» партиясы Есіл аудандық филиалының төрағасы Санира Жүсіпова қатысты. 

Заманауи форматта ұйымдас­тырылған «Ашық микрофон» кез­десуі барысында тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын же­дел қабылдау мақсатында QR-код арқылы өтінім беру жүйесі енгі­зілді. Сонымен қатар арнайы ха­бар­ландырулар таратылып, аза­маттармен тікелей байланыс орнатылды. Осылайша, жиында партия филиалының атқарған жұмысы баяндалып, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселе­лердің шешілу барысына назар аударылды. 

Өз кезегінде, «AMANAT» пар­тиясы Есіл аудандық филиалының төрағасы Санира Жүсіпова партия жұмысы жаңа форматта ұйымдас­тырылып жатқанын атап өтті. 

«Аудан аумағындағы барлық ПИК пен тұрғындар чаттарында көтерілген мәселелердің назардан тыс қалмауы мақсатында жүйелі жұмыс жүргізіп келеміз. Бүгінде мұндай кездесулерге 300-ден ас­там тұрғын қатысып, өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіруде. Ең бастысы, Есіл ауданы аумағында «AMANAT» партиясы тұрғындар­мен бірлесе жүзеге асырған жол картасы 100 пайыз орындалды. Мәселен, газдандыру мәселесі то­лық шешімін тапты. Атап айт­қанда, Тельман және Шұбар ша­ғынаудандары толық табиғи газға қосылды», – деді Санира Жү­сіпова. 

Оның айтуынша, партия жұ­мысының басты ерекшелігі – тұрғындармен тек ғимарат ішінде ғана емес, азаматтарға ыңғайлы форматта аулаларда, әлеуметтік нысандарда және ашық алаңдарда кездесулер өткізу. Осы жүздесулер әкімшілік өкілдерімен және бас­қарма басшыларымен бірлесіп ұйымдастырылып, тұрғындардың мәселелерін ашық әрі тиімді тал­қылауға мүмкіндік берді. 

Осы орайда, депутат Ғабит Тәжімұратов тұрғындар тарапы­нан көтерілген мәселелер оң ше­шімін тауып жатқанын жеткізді.

«Осы тоқсанда тұрғындармен 5 кездесу өткіздім. Оның бары­сын­да көтерілген мәселелер бү­гінде өз шешімін табуда. Атап айт­қанда, «Орман парк» және «При­городный» тұрғындарын тол­ғандырған бірқатар өзекті мә­селе мемлекеттік бағдарламалар аясында шешілді. Сонымен қатар тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар мен мәселелер жеке жол картама енгізіліп, кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда», – деді халық қалаулысы. 

Бұл ретте, депутат Сәуле Са­ми­дин тұрғындармен тұрақты байланыс орнатудың маңызына тоқталды. 

«Азаматтармен тұрақты байла­ныс орнату мақсатында WhatsApp желісінде «Активист» чаты ашыл­ды. Аталған чатта осы шағынаудан тұрғындары өздерін толғандырған өзекті мәселелерді көтеріп, ұсы­ныс­тарын білдіруде. Соның бірі – Ұлы дала даңғылы мен Жошы хан көшесіндегі жол құрылысына қа­тысты мәселе. Осы жағдай қала әкімінің назарына жеткізіліп, нәтижесінде тиісті қаржы бөлінді. Бүгінде бұл мәселе оң шешімін табуда», – деді депутат. 

Жиын барысында тұрғындар өз сауалдарын жолдап, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Кездесуге қатысқан басқарма басшылары азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, бірқатар мәселенің нақты шешу жолдарын ұсынды.

Кездесу соңында ауданның қоғамдық өміріне белсенді ара­ласып жүрген ПИК және МИБ төра­ғалары, мердігер ұйым өкіл­дері мен мемлекеттік мекеме қыз­меткерлері марапатталды. 

Тілек ҚАБЫЛ