Роза Рымбаеваның жаңа образы қызу талқыға түсті

Халық әртісі, әнші Роза Рымбаева жаңа образымен көзге түсті, – деп жазды Aikyn.kz.

Дизайнер Абзал Сейдин әнші Harper’s Bazaar түсіріліміне қатысқанын атап өтті. Сонымен қатар дизайнер Instagram желісіндегі парақшасында Халық әртісімен жұмыс істеу үлкен мәртебе екенін айтты. 

«Қазақ сахнасының аңыз тұлғасы біздің Harper’s Bazaar түсіріліміне арналған визуалды тарихымыздың бір бөлігіне айналды. Мен үшін бұл — үлкен мәртебе әрі аса қымбат сәт», – деп жазды Абзал Сейдин.

Алайда әншінің бұл стилі қызу талқыға түсті. Желі қолданушыларының бір бөлігі бұл образды ерекше, өзгеше деп бағаласа, енді бірі жараспай тұрғанын айтқан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.