Ашық есік күні балалар құқығына арналмақ

Кездесу еліміздің барлық өңіріндегі партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінде әйелдер қанаты жетекшілерінің қатысуымен ұйымдастырылады. Негізгі іс-шара Астана қаласындағы партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінде болмақ.

Бастама Мемлекет басшысының ба­лалардың құқығы мен мүддесін қорғау ба­ғытындағы саясатын қолдауға және аза­маттармен тікелей бай­ла­нысты нығайтуға бағытталған. Тұр­ғындар отбасыларға көр­сетілетін мем­лекет­­тік қолдау шара­ларымен қоса, өз мәселе­лері бойынша жеке кеңес алып, құқықтық көмекке жүгіне алады.

Қабылдау барысында бала құқығының қорғалуы мен қауіп­сіздігі, денсаулығын сақтау, әлеу­мет­т­ік қолдау, сондай-ақ балалар инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту мәселелері қаралады. Азаматтардың нақты өтініштеріне ерекше назар аударылады. Жүйелі шешімді қажет ететін мәселелер жинақталып, одан әрі қарау үшін мемлекеттік және жергілікті дең­гейдегі тиісті органдарға жолданады.

Бекбол АМАНГЕЛДІ