Дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елдос Сметов Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалында жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қазақстандық дзюдошы 60 келіге дейінгі салмақтың 1/2 финалында қытайлық Тайбэй өкілі Ян Юнвэймен кездесті.
Белдесуде отандасымыз “вазари” ұпайымен жеңіске жетті.
Елдос Сметовтың финалдағы қарсыласы жапониялық Хаято Кондо болмақ.










