Маңғыстауда Қазақстан Халық партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмысы жалғасып жатыр. Партияның белсенді мүшелері тұрғындарға ақпараттық үгіт-насихат материалдарын таратып, дүкендер мен сауда орындарына ақпараттық материалдар жабыстырылды.
Сонымен қатар Қазақстан Халық партиясының өкілдері қараусыз қалған жануарларды қорғайтын ортаққа барды.
«Қамқорлық – сөзбен емес, іспен көрінеді. Бүгін партиямыз «KARE» жануарларды қорғау ұйымымен жасалған Меморандум аясында жануарларға арналған баспана барды. Жануарларға деген жауапкершілік пен қамқорлық — қоғамның мәдениеті мен адамгершілігінің маңызды көрсеткіші. Біз үшін Меморандум – қағаз жүзіндегі келісім ғана емес, нақты істерге бастайтын ортақ қадам», – деді Қазақстан Халық партиясының өкілдері.









