«Ауыл» партиясы Түркістан облысындағы егіншілермен кездесті

«Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов Түркістан облысына жұмыс сапары барысында егіншілермен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты «Ауыл» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Егін даласындағы шаруалардың түскі ас мезгіліне тұспа-тұс келген «Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов олармен бір дастархан басында отырып, еркін әңгімелесті.

Еңбек адамдарының күнделікті тыныс-тіршілігімен, жұмыс барысымен танысып, ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелер мен шаруалардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Ресми жиын мен мінберден тыс өткен бұл кездесу дала еңбеккерлерімен ашық пікір алмасуға мүмкіндік берді. Шаруалар өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, ауыл мен агросекторды дамытуға қатысты ойларымен бөлісті.