U19 Азия чемпионаты: Бибарыс Әшірбай өзбек боксшысын жеңіп, финалға шықты

Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санатында Азия чемпионаты жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

U19 санаты бойынша 70 келіде фаворит саналатын Бибарыс Әшірбай жартылай финалда Өзбекстан боксшысы Саидхужа Садиллахужаевтың осал тұсын тапты. 

Жекпе-жекте аяқта шебер қимылдап және қарсыласының әр қимылын толық бақылауда ұстаған отандасымыз үш раунд бойы басымдық танытты. 

Нәтижесінде ол төрешілердің бірауыз шешімімен басым түсті. Қорытынды есеп: 5:0.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.