Шымкентте Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді

30 маусымда Шымкентте жеңіл атлетикадан Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Qosanov Memorial – World Athletics Continental Tour Bronze Level күнтізбесіне енген және халықаралық маусымдағы маңызды кезеңдердің бірі.

Биыл додаға 11 елден 250-ге жуық спортшы қатысады. Олардың қатарында Қазақстан құрамасының көшбасшылары да бар. 

ҚР ҰОК мәліметінше, жарыс бағдарламасына 27 жекелей дисциплина және 4 эстафеталық сайыс енген.

Айта кетейік, турнир 1 шілдеде аяқталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.