Продюсер, әнші Мөлдір Мұқан қыз ұзатуға қатысты ойын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі қыздарын тұрмысқа беру жайлы әңгіме қозғалғанда көңілі босайтынын жасырмады.
“Бұйырған уақытында болады ғой. Жоғарыдан келген бұйрыққа қарсы шыға алмаймыз. Қызым «Мен тұрмысқа шыққанда қандай көңіл күйде боласыз?» дегенде, мен көз алдыма елестетіп, орнымнан тұрып кеттім. Сосын жылап жібердім. Қазір де жылайын деп тұрмын. Біреудің қызы кеткенде байқамаймыз. Ал өзіңнің қызың кеткенің ойлағанда көзге еріксіз жас келеді. Оңай емес. Ана жүрегіне ауыр екен ондай нәрсе. Саналы түрде түсінеміз, бірақ жүрек қимайды”, – деді ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.









