Даниэль Тазабеков Франциядағы турнирдің финалына жолдама алды

Қазақстандық теннисші Даниэль Тазабеков Францияның Больё-сюр-Мер қаласында өтіп жатқан ITF World Tennis Tour Juniors санатындағы J300 турнирінің финалына шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жұптық сайыстың жартылай финалында Даниэль жапониялық Такамаса Кавагутимен бірге франциялықтар Марк Доменик пен Дени Жадені 6:2, 6:3 есебімен жеңді.

Теннис федерациясы мәліметінше, финалда Тазабеков пен Кавагути Беларусь өкілі Ричард Лацис пен ресейлік Савва Рыбкинге қарсы ойнайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.