Рыбакина екінші айналымға өтті

Қазақстандық теннисші бастапқы матчын рейтингіде 585-орындағы америкалық, «Үлкен дулыға» турниріне алғаш рет қатысқан 17 жастағы Теа Фродинмен өткізді. Бұл қос спортшының өзара алғашқы кездесуі еді. Бірінші партияда есеп 3:2 болған мезетте Рыба­кина брейк жасап, сол қар­қы­нын сақтай алды – 6:3. Екінші сетте Елена 2:0 есебімен алға кетті. Содан кейін тағы бір брейк­пен есепті 5:1-ге жеткіз­ді. Ақыры матчты жеңіспен түйін­деді – 6:2.

Бір сағат 11 минутқа со­зыл­ған бәсекеде Рыбакина 6 эйспен бірге 6 брейк-пойнт­тың үшеуін өз есебіне жазды. Фродин 11 эйс жасағанымен, 2 брейк-пойнтты пайдалана алмады. Елена Рыбакина үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 105-ракеткасы, испаниялық Джессика Бузас Манейро немесе рейтингіде 75-сатыдағы чехия­лық Дарья Видманованың жеңгенімен таласады.

Қазақстандық теннисші ойыннан соң әлемдік рейтингіде көш бастауға қол жеткізсе, бұл үлкен табыс болатынын мә­лімдеді. Е.Рыбакина АҚШ ашық чемпионатында жартылай финалға дейін жетсе, бірінші ракетка атанады.