Теннистен Қазақстан құрамасының өкілі Жібек Құламбаева Румынияның Яссы қаласында өткен WTA 250 санатындағы турнирдің финалында өнер көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстандық теннисші армениялық Алина Чараевамен бірге жұптық сында шешуші кезеңге дейін жетті.
ҚР ҰОК мәліметінше, шешуші матчта Құламбаева мен Чараева чехиялық Анастасия Децюк пен ресейлік Ирина Хромачеваға қарсы ойнады. Кездесу үш сетке созылып, 4:6, 6:2, 10:5 есебімен қарсыластарының пайдасына аяқталды.
Айта кетейік, Жібек Құламбаева WTA турнирінің финалында алғаш рет өнер көрсетті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.










