Балуан Бағдат Сабаз Астанадағы әлем чемпионатының ширек финалында жеңіліп қалды

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуаны Бағдат Сабаз елордада өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шыға алмады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Отандасымыз 67 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Париж Олимпиадасының чемпионы және 2025 жылғы әлем чемпионатының алтын жүлдегері Саид Эсмаилимен (Иран) белдесті.

Бұл кездесуде ирандық балуан 7:2 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) 1/8 финалда Армения өкілі Геворг Тадевосянға 3:1 есебімен жол берді.